Оқиғалар 06.04.2021 сағат 17:00

Шымкенттегі алтын шығаратын өндірісті арнайы жасақ басып алды

Алтын шығаратын цехқа ұлттық қауіпсіздік комитетінің жасағы басып кіріп басшыларын тұтқындаған. Цех ішіндегі алтынды да түгел алып кеткен.
Шымкенттегі алтын шығаратын өндірісті арнайы жасақ басып алды
фото: kznews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкент түбіндегі Алтынтөбе ауылының 40 шақты тұрғыны жолды жабуға тырысқаны үшін ұсталған. Ал енді оларға қандай жаза қолданғаны белгісіз. Жиналған жұрт алтын бұйымдарды өндіретін кәсіпорынның жабылуына қарсы шыққан, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жұма күні арнайы жасақ кәсіпорынға баса-көктеп кіріп басшысын тұтқындаған. Содан бері не жұмыстан, не басшылардан хабар жоқ деген тұрғындар наразылыққа шыққан.

Алтынтөбе ауылында үш күннен бері тыныштық жоқ. Полицейлер мен арнайы жасақ көшені бақылауға алған. Дәл осы ауылдағы алтын шығаратын цехқа ұлттық қауіпсіздік комитетінің жасағы басып кіріп басшыларын тұтқындаған. Цех ішіндегі алтынды да түгел алып кеткен.

«Осыншама халықты жұмыссыз қалдырмас деп ойлаймын. Халық жұмыссыз қалды, несиелері, бала-шағасы бар. Автоматтарымен басып кірді. Кешке таман жұмысқа жиналып едік, бізді де итеріп, соғып, жолатпай қойды. Тіпті, ішке басшысын да кіргізбейді», – Шымкент қаласының тұрғыны Гүлшат Бейсенова.

Үш жыл бұрын іске қосылған алтын бұйымдарды өндіретін цехта осы ауылдың 100-ден астам тұрғыны жұмыс істейді. Жұмадан бастап жабық тұрған кәсіпорынға айналдыра қарулы жасақ қойылған.
Ал тұрғындардың айтуынша, үйінен шыққандардға полицейлер айыппұл салады.

«Бұл – тонау. Үш күн болды, халық далаға шыға алмай қалды. Әр үйдің есігінің алдына жасақ қойып қойған. Не болғанын да түсіндірмейді», – дейді тұрғындардың бірі Асан Ибрашев.

Тұрғындар қала әкімі Мұрат Әйтеновтің келуін талап еткенімен, басшы түгілі орынбасарлары да төбе көрсетпеді. Ал үш күннен бері осында жүрмін деген Абай ауданының басшысы мардымды мәлімет бере алмады.

«БҰЛ ЖЕРДЕ ЖЕРАСТЫ БАЙЛЫҚТАРЫМЕН АЛТЫН, КЕН ӘКЕЛІП, АЛТЫН ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРЫП ЖАТЫР ДЕГЕН МӘЛІМЕТ БАР. ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ІСТЕЛІНІП ЖАТҚАНЫ БЕЛГІСІЗ», – ДЕЙДІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ.

Алтын шығаратын цехтың ашылуын талап еткен жұмысшылар жолды жабуға тырысқан. Бірақ темірдей тартылған тәртіп сақшылары 50-ден астам адамды тырп еткізбеді. Тіпті, полицейлер кемпір-шалға да қарамай, барлығын басып алып кетті. Осылайша, бір сәтте ауыл іші азан-қазан болды, полицейлер қарттарға да қол көтерген.

Жергілікті тұрғындар өздерінің таяқ жегенін айтып отыр. Ұл-қыздарын сүйретіп әкеткенін алға тартқан олар үйде кішкентай балалары қалды дейді.
Алтынтөбе ауылында ұсталған 40 шақты азаматтың қандай жауапқа тартылғаны белгісіз. Өйткені полиция да, ұлттық қауіпсіздік қомитеті де бұл туралы мәлімет беруден бас тартып отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар