Ақтау халықаралық әуежайында иесіз сөмке жолаушылардың зәресін алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Көлік полициясының мәліметінше, әуежай аумағындағы қоқыс жәшігінің жанынан табылған сөмкенің кесірінен 400-дей жолаушы далаға шығарылған. Тіпті куәгерлер әуежайға бірнеше жедел жәрдем мен полиция көліктерінің кіргенін айтады.
Ал борттағы жолаушылар әлеуметтік желіде рейстердің кешіктіріліп жатқанын жазған еді. Көлік полициясының хабарлауынша, Ақтаудан Шымкентке шыққан жолаушысының жүгі рұқсат етілген салмақтан асып кеткен. Артық жүкке төлейтін ақшасы болмаған азамат сөмкені әуежайға тастап кетіпті.