$ 449.58  486.94  4.86

Бір үйдің екі баласы 30-дан асқанша құжатсыз жүрген

Теректі ауданында тұратын ағайындылар 1987 және 1990 жылдары дүниеге келген. Кәмелет жасына толса да ата-анасының салғырттығынан құжатсыз жүре беріпті.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Құнтсыз ата-ана оған бас қатырмапты. Батыс Қазақстан облысында бір үйдің екі баласы жеке бас куәлігінсіз жүрген. Олар арнайы жүріп жатқан шара аясында анықталып, құжаттары рәсімделді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Теректі ауданында тұратын ағайындылар 1987 және 1990 жылдары дүниеге келген. Кәмелет жасына толса да ата-анасының салғырттығынан құжатсыз жүре беріпті. Бұл іспен Теректі ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы Әділбек Баймұханов тікелей айналысып, мәселенің оң шешілуіне ықпал еткен. Оған риза болған қос азамат өз аттарынан алғысхат жазып берген.

«ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес БҚО аумағында құжатсыз жүрген адамдарды құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. БҚО ішкі істер департаменті көші-қон басқармасы 2020 жылдың 24 қыркүйегінен бері арнайы акция ұйымдастырып отыр. Іс-шара басталғалы бері облыс аумағында 84 адам жеке басты куәландыратын құжатқа қол жеткізді. Соның ішінде 52-сі 1974 жылғы үлгідегі төлқұжат, 32-сі туу туралы куәліктері бойынша құжаттандырылды», - деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары