24.04.2021, 16:20

Тұрғын үй күзетшісіне мылтықпен оқ атқан

Фото: Tengrinews.kz
“Ол ауруханаға түсті", - деді қалалық полиция өкілдері.

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Тұрғын үй кешенінің күзетшісі ("Бұхар Жырау Тауэрс") мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы, алдын-ала мәлімет бойынша, аңшылық мылтықтан жараланды. Ол ауруханаға түсті", - деді қалалық полиция өкілдері.

Оқиға болған жерге полицейлер барды, күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылданды.

Тегтер: Алматы оқ атты