$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы атысқа кіреберісте тұрған диван себеп болған

"Жарты жылдан бері кіреберісте диван тұрды. Пәтер иелерінің кооперативі шаршаған болу керек, оларды көшеге шығарып тастады. Оқ атқан адамның соған ашуы келген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Бұқар Жырау Тауэрс»  тұрғын үй кешенінің тұрғыны жергілікті пәтер иелері кооперативінің жұмысына сын айтты. Оның сөзінше тұрғындар көршісінің ерсі әрекетіне әлдеқашан шағымданған екен, деп жазады orda.kz порталы.

Алматыдағы «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Айжан Мұхамедиева Instagram парақшасында пәтер иелері кооперативінің жұмысына сынады.  Ол кешегі оқиға кезіндегі  қорқынышын  сөзбен жеткізе алмайтындығын жазды.

"Оқиға болған жерге жақын маңда тұрғандықтан жағдайды естіп қана қоймай, оның терезені ашып, оқ атқанын да көрдік", – деп жазды ол.

Оның айтуынша, тұрғындар көршінің қисынсыз сөздер жазылған плакаттар іліп, ауаға оқ атқаны жайлы пәтер иелері кооперативіне бірнеше рет шағымданған.

"Біздің пәтер иелері кооперативі бұған қалай жол берді? Тұрғындар оның плакат іліп, бұған дейін де оқ атқанын, тұрғындардың чатында не болса, соны айтатынын бірнеше рет айтқан кезде неге қимыл жасамады? Жағдайдың ушығып бара жатқанын көре тұра кооператив  басшылығы әрекет етпеді, соңы адам өлімімен аяқталды", – дейді әйел.

Сонымен қатар ол кісі  пәтер иелері кооперативі басшылығы ер адамды дөрекілік танытқаны үшін тұрғындар чатынан шығарып жібергенін, кешегі оқиға кезніде тұрғындарды сабырға шақыратын бір ауыз сөз жазбағанын айтты.

Айта кетейік, 24 сәуірде Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам сол маңдағы күзетшінің аяғына оқ атты.

Содан кейін 17-қабаттағы пәтеріне жасырынып, полициямен келіссөзге келмеді. Ал тұрғындар күзетші мен ер адам арасындағы тұрмыстық жанжалға жарты жыл бойы кешеннің кіреберісінде тұрған диван себеп болды дейді.

"Жарты жылдан бері кіреберісте диван тұрды. Пәтер иелерінің кооперативі шаршаған болу керек, оларды көшеге шығарып тастады. Оқ атқан адамның соған ашуы келген. Күзетшіге барып, «рацияңды бер, бастығыңмен сөйлесемін, неге олай істегенін сұраймын» деген. Күзетші рацияны беруге құқығы жоқ екенін айтқан. Ол сол кезде күзетшінің аяғына оқ атқан", – деді  тұрғын.

Полиция ер адамды ұстау үшін арнайы операция жүргізді. Қару ұстаған тұрғын 17-қабаттан секіріп кетті.

Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Тергеу барысында күдіктінің Ресей азаматы екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары