Ақтаудағы 5-шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінен әйелдің денесі табылды.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әйелдің мәйіті табылғандығы туралы ақпаратты айтып, біреу полицияға 25 сәуірде сағат 22:30-да қоңырау шалған. Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, мәйіт 5-шағынаудандағы үйлердің бірінің пәтерінен табылды.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,-деп толықтырды баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта полиция күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылдауда.