27.04.2021, 14:40

Алматыда автобус жүргізушісі тепловозды соғып кетті

фото: видеодан кадр
Аталған деректі Түрксіб аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.

Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты. Оқыс оқиға бүгін 09:30 шамасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат бүгін, 27 сәуірде сағат 09: 30-да болған. «№ 74 бағыттағы «Лиаз» маркалы автобусының жүргізуші Бекмаханов көшесімен батыс бағытта келе жатып темір жол өткелінде тепловозбен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ»,- деді Алматы қаласы ДП тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. Аталған деректі Түрксіб аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.