$ 494.87  520.65  4.91

«Төрт айдан бері жалақы алмадық»: Талдықорғанда автобус жүргізушілері ереуілге шықты

Рейске бірден 11 бағытқа қызмет көрсететін 70 автобус шықпады.
фото: kaz.orda.kz
фото: kaz.orda.kz

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Рейске бірден 11 бағытқа қызмет көрсететін 70 автобус шықпады.

Жүргізушілер оларға төрт айдан бері ала алмай жүрген жалақыларын төлеуді талап етті. Сонымен қатар, алты ай ішінде олардың жұмыс берушісі зейнетақы жарналары мен ММК қорына төлемдер жасамаған.

– Жағдай мәз емес. Біздің бәрімізде басқалар сияқты отбасыларымыз бар – несиелер мен қарыздар. Бірнеше айдан бері жалақымыз төленбегеніне қарамастан, біз кешеге дейін өз жұмысымызды адал атқардық, – деді жүргізушілердің бірі.

Ереуілшілерге қала әкімдігінің өкілдері келді. Келіссөздерден кейін автопарк қызметкерлеріне бір айлық жалақы төленді. Ақшаны алғаннан кейін жүргізушілер жұмысқа кетті.

Талдықорған қаласының әкімдігі қаладағы автопарк қызметкерлеріне жалақы қарызы олардың кінәсі емес екенін айтты.

– Алматы облысы бойынша Еңбек инспекциясы департаменті, Талдықорған прокуратурасы және аталған компаниялар басшылығының қатысуымен кездесу өткізілді. Содан кейін аталған кәсіпорындардың қызметін тексеру туралы шешім қабылданды, – деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары