08.05.2021, 12:02

«Жұмысқа бара жатып жерге түсіп кеттім». Павлодар орталығында тротуар опырылып қалды

Павлодар әкімдігінің мәліметінше, тротуар астындағы топырақты су шайған.

Павлодарда қаланың орталық көшелерінің бірінде адам аяғының астында тротуар опырылып түсті. Ер адам жұмысқа бара жатқан. Ол опырылған жерді видеоға түсіріп, болған жағдайды Instagram-да баяндап берді, - деп хабарлайды tipavlo парақшасы.

Кадрларда жарты метр тереңдікте плиталардың астында топырақ жоқ екенін көруге болады.

«Жұмысқа бара жатып жерге түсіп кеттім. Қалтамда екі телефон болған, біреуі екіге сынып қалды», - дейді ер адам.

Видео желі қолданушыларының ашуын келтірді. Павлодар әкімдігінің мәліметінше, тротуар астындағы топырақты су шайған. 

«6 мамырда гидравликалық сынақтар жүргізіп жатқанда жылу құбыры желілерінде диаметрі 219 миллиметр зақым анықталды. Назарбаев даңғылындағы тротуардың астындағы топырақты су шайып шұңқыр пайда болды», - деді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Опырылған жерге қоршау қойылғаны хабарланды. 

«Коммуналдық қызметтер топырақтың қаншалық шайылғанын анықтау үшін осы учаскедегі тротуарға талдау жүргізеді. Бұдан әрі топырақ сеуіп, тротуарды қалпына келтіреді», - деді акімдік өкілдері.

Тегтер: жол Павлодар