$ 444.32  473.33  4.76

Көршінің баласын белбеумен сабаған күдікті ұсталды

Әйел Әуезов көшесіндегі аулада кәмелетке толмаған ұлын ер адам ұрғанын айтқан.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны көршісінің баласын жазаламақ болып, оны белбеумен ұрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық полицияның мәліметінше, оқиға 20 мамырда болған.

Тәртіп сақшыларына жәбірленушінің анасы арызданған. Әйел Әуезов көшесіндегі аулада кәмелетке толмаған ұлын ер адам ұрғанын айтқан.

"Бұл факті бойынша 33 жастағы қала тұрғыны табылды, ол балалар бірнеше рет домофонға қоңырау шалғаннан кейін ызаланғанын айтты. Оқиғаға қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп атап өтті полиция департаменті.

Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ер адам #сабау