$ 449.58  486.94  4.86

Грузиядағы қазақ қызының өлімі: Күдіктіге адам саудасы бойынша айып тағылды

37 жастағы Мейірбековтің суреттері қазір грузин телеарналарының экрандарынан түспейді, дейді куәгерлер.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне қатысы бар Мұрат Мейірбековты 2021 жылдың 15 шілдесін қоса алғанда, 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта М.-ға абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын Грузиядағы жұмысбастылықты сылтауратып, оны пайдалану мақсатында А.-мен мәміле жасасқан деп күдіктелуде - Қазақстан Қылмыстық кодексінің 128-бабы 4-бөлігі 2-тармағы", - делінген сот сайтында.

18 мамырда дәл осы сот Мейірбековті 10 тәулікке қамауға алуға санкция берген. Бірақ ол кезде Қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша ұсталғаны хабарланбады.

Еске салайық, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.  Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады. Сонымен қатар,  қыздың өлімін егжей-тегжейлі тергеу үшін Қазақстан ІІМ Грузияға өзінің тергеу-жедел тобын жібереді.

Полиция марқұмның алыс туысы Мұрат Мейірбековты ұстады. Әселдің ата-анасы оның үстінен арыз жазған.Марқұмның анасының айтуынша, қыз туысының шақыруымен Грузияға жұмысқа кеткен.
37 жастағы Мейірбековтің суреттері қазір грузин телеарналарының экрандарынан түспейді, дейді куәгерлер. Оның екі рет үйленгені белгілі. Екі баласы бар және әйелі үшіншісіне жүкті. Мейірбековтің туыстары оның кінәлі емес екеніне сенімді.

"Ол полиция бөліміне барды. Полиция бөліміне өзі жүгінді. Ол жағдай орын алған кезде жолда болған. Астанаға келе салысымен бірден полиция бөліміне жүгініп, дәлелдер келтірді. Ол қарапайым отбасылық адам", - деді оның қайын енесі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары