Жел сегіз көпқабатты және төрт жеке үйдің шатырын ұшырып әкетті. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. Желіде қатты желдің салдары түскен видео жарияланды.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 6 маусым күні кешке 11 минут ішінде желдің екпіні секундына 15-тен 28 метрге дейін жеткенін хабарлады.
– Нәтижесінде, Абай ауданындағы бір коммерциялық нысанның, Әл-Фараби аймағындағы бір 5 қабатты үйдің, Еңбекші ауданындағы төрт 5 қабатты үйдің, Қаратау ауданындағы бір 5 қабатты үйдің шатыры – барлығы 8 көпқабатты үйдің шатырып ұшып кеткен. Сонымен қатар, Қаратау және Еңбекші аудандарындағы төрт жеке үйдің шатырының ұшып кеткені тіркелді, – делінген хабарламада.
Ағаштардың құлауы және үйлердің шатырларының ұшып кетуі нәтижесінде сегіз көлік зақымдалды. Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескерту алдын-ала хабарланғанын айтты.
Жел күшейген кезде сыртқа шықпай, үйде отыруға кеңес беріледі. Егер жел күшейген кезде сыртта қалып қойсаңыз, үйлердің жанында тұруға кеңес берілмейді. Себебі, төбеден шифер немесе басқа да заттар басыңызға құлап кетуі мүмкін. Дәл солай аяладама, ағаш, билборд маңында тұруға кеңес берілмейді. Қатты жел кезінде электр сымдарының астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау қауіпті.