08.06.2021, 17:00

Астанада 36 мотоцикл өртеніп кетті

фото: tengrinews.kz
Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілгені хабарланды.

Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 маусымда сағат 11:54-те елордалық өрт сөндірушілер Герцен көшесінде болған өртті сөндіруге шықты.

"Өртсөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техниканың жанып жатқандығы анықталды", - деді ТЖМ өкілі.

Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілгені хабарланды.

Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.