Оқиғалар 22.06.2021 сағат 02:14

Қызылордада жоғалып кеткен 13 жасар қыздың денесі табылды (ВИДЕО)

Қарқынды іздеу жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар оның денесін жағаға алып шықты.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылордада екі тәуліктен бері іздестіріліп жатқан жасөспірім қыздың денесі қала іргесіндегі Шіркейлі каналынан табылды, деп хабарлайды astanatv.kz

13 жастағы қыз үйінен жұма күні белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қарқынды іздеу жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар оның денесін жағаға алып шықты. Қазіргі таңда сот-сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ облыста кеше 8 жастағы бала суға кетті. Оның денесі әлі табылмай жатыр.

«6 жасөспірім бірге барған. Алайда шешініп суға түседі. Сол суға түсу барысында оқушымыз суға ағып кетеді. Ол бойынша хабарламаны кеш береді. Соған байланысты бүгінгі түні 05:30-да таң ата біздің іздестіру-құтқару жұмыстары басталады. Қазіргі күнге дейін ешқандай нәтиже берген жоқ», - деді Қызылорда облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Тоғызбаев.

Төтеншеліктер соңғы уақытта оқушылардың суға кету дерегі көбейгендігін айтып дабыл қағуда. Жыл басынан бері аймақта 20 суға кету дерегі тіркелсе, соның 14-і бала.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар