09.07.2021, 07:48

Алматы облысында көшкін болып, саяжайлар қирады

Оқиға салдарынан алты саяжай қирады, олардың үшеуі қараусыз қалған саяжай, тағы біреуі ішінара зардап шекті.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 шілде күні сағат 21:39-да облыстық ТЖД-ға Қырғауылды ауылынан жоғары Алматы облысы Қарасай ауданының "Горный садовод" бау-бақша қоғамында су құбырының жарылу салдарынан балшық ағыны туралы хабарлама келіп түскен.

"Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша диаметрі 50 мм су құбырынан судың ағып кету салдарынан орман топырағының батпақтануы орын алғаны анықталды, бұл көшкіннің пайда болуына әкелді. Көшкін техногендік генезиске жатады. Оқиға салдарынан алты саяжай қирады, олардың үшеуі қараусыз қалған саяжай, тағы біреуі ішінара зардап шекті.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады ТЖД. «Балшық массасының көлемі шамамен 50 мың текше метр, ұзындығы 200 метр, шамамен 310 метрге жылжыған, жалпы ұзындығы 510 метр, түсу орнынан ені 50 метр және соңына таман 7 метр, биіктігі 1-ден 7 метрге дейін жетті.

Қазіргі уақытта аумақты тазарту жүргізіліп жатыр. Зардапты жою жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ №28237 әскери бөлімі, ТЖМ АШҚЖ, «Қазселденқорғау« ММ, Алматы қаласы Апаттар медицина орталығы, Алматы облысы полиция департаменті және жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмылдырылды», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат