$ 494.87  520.65  4.91

15 жасар қыз қабағын тестіремін деп адал құшты

Қыз досынан үй жағдайында қабағын тесуге көмектесуін сұраған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бразилияның Минас-Жерайс штатында 15 жасар қыздың қабағын тестіремін деп инфекция жұқтырып, жүрегі тоқтап қалған.

Изабела Эдуарда де Соуса анасынан қасын тесуге рұқсат сұраған. Бірақ қыздың отбасы оған рұқсат бермепті. Алайда қыз отбасын тыңдамай, қабағын тестірген.

Қыз досынан үй жағдайында қабағын тесуге көмектесуін сұраған. Процедура барысында қыз инфекция жұқтырған. Ол қабағын тестіргеннен үш күннен кейін көз жұмды.

Қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Ауруханада қыздың жүрегі төрт рет тоқтап қалған. Артынша ол басқа медициналық мекемеге ауыстырылды, бірақ қызды құтқару мүмкін болмады.

Дәрігерлердің айтуынша, егер қыз тірі қалса, пирсингтің салдарынан көзікөрмей қалатын еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары