19 шілдеде ашулы әйелдердің бір тобы өткізу ережелеріне қайшы, Министрліктер үйіне баса-көктеп кірмек болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция қызметкерлеріне тіл тигізіп, оларды қол-аяқтарымен соққылап, күзетшілер мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне су шашқан. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты қызметкерлері диалог құруға, мәселелерді түсінуге және олардың шешімін табуға тырысқанда, әйелдер оларға балағат сөз айтып, беттерінен соғып жіберген, киімдерін тартып жұлқылаған.
Мұндай әрекеттерді қоғам құптамайды және заң бойынша әкімшіліктен қылмыстық жауапкершілікке дейін қудаланады. Заңға қайшы әрекеттері мен бұзақылық әрекеттері үшін 6 әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.