$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда тау бөктері өртенуде: Тілсіз жау үйлерге қауіп төндіруде (видео)

Өрт сөндірушілерге от шыққан аймаққа жаяу баруға тура келген. ТЖД мәліметінше, өртті сөндіру қиынға соғуда.

Алматыдағы тау бөктерінде қураған шөп өртенуде. Тілсіз жау жақын маңдағы үйлерге жақындай бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт сөндірушілерге от шыққан аймаққа жаяу баруға тура келген. ТЖД мәліметінше, өртті сөндіру қиынға соғуда. 

“Өрт сөндірушілер Медеу ауданы Думан ықшам ауданына сағат 16:05-те жіберілді. Қураған шөп жанып жатқан аймақта 46 үй бар. От шыққан аумаққа көлікпен бару мүмкін болмағандықтан өрт сөндірушілер ол жаққа жаяу аттанды”, – делінген ТЖД хабарламасында. 

Құтқарушылар дала өрті сол маңайдағы үйлерге шабу қаупін төндіруде екенін айтады. Тілсіз жаумен күресуге 25 маман мен бес техника бірлігі жұмылдырылған. 

Өрттің бірінші пайда болған аумағы 1 гектарды, екіншісі 1,5 гектарды құрайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары