06.09.2021, 06:25

Алматыда мейрамхана өртенді

Өрт болған кезде мейрамханада келушілер болмаған.

Өрт ғимараттың жартысына жуығына жайылған.

«5 қыркүйекте сағат 17.26-да Алматы облысы ТЖД-ға Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында мейрамхана өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт 18.13-те ауыздықталып, 19.09-да 500 шаршы метр аумақ сөндірілді (құрылыстың жалпы ауданы  – 1320 шаршы метр, екі қабатты)», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт болған кезде мейрамханада келушілер болмаған. Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД және Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.