Қарағандыдағы қайталама шикізатты өңдеу кәсіпорнында өрт шықты. Қарағандылықтар әлеуметтік желілерде Қарағанды-Сұрыптау станциясында түсірілген видео мен суреттерді жариялауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. Қарағанды облысының ТЖД жағдайға түсініктеме берді.
"Өртті сөндіруге ТЖД күштері жұмылдырылды. Өрт аумағы 1000 шаршы метрді құрайды", – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Департамент ғимараттар мен тұрғын үйлерге ешқандай қауіп жоқ екенін атап өтті.
"4 жауынгерлік учаске ашылды. Оқиға орнында 12 бірлік техника, оның ішінде 30 тонналық автоцистерна, ТЖД жеке құрамының 45 адамы, сондай-ақ, 100 тонналық сыйымдылығы бар ҚТЖ өрт пойызы жұмылдырылды", – деп хабарлады ведомстводан.