$ 444.22  476.38  4.82

Астанада тұрғындар педофилді полицияға өздері ұстап берген (ВИДЕО)

Оқиға 21 қыркүйекте болған.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қыз баланы белгісіз жаққа сүйреп әкетпек болған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Әлеуметтік желіде елордадағы үйлердің бірінде педофил деген күдікпен ер азамат ұсталды.

Оқиға 21 қыркүйекте болған. Қыз көмек сұрап айқайлай бастағанда ер адам қаша бастаған. Дегенмен жергілікті тұрғындар оны бірден ұстап, полицияның қолына тапсырған, - делінген желідегі хабарламада.

Қалалық полиция департаментінің айтуынша, аталмыш оқиғаға байланысты тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Полиция қызметкерлері оқиға орына тез арада жетті. Олар кешке мектептен келе жатқан кәмелетке толмаған балаға мас ер адам тиіскенін анықтады. Аталған факті бойынша 25 жастағы күдікті ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, ол орташа деңгейде мас болған. Ешқандай есепте тұрмайды, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деді Полиция департаменті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары