Оқиға Аққулы ауданы Қарақала ауылында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 23 қазан күні сағат 14:30-да Аққулы ауданында суға батып кеткен балықшы туралы хабарлама келіп түскен.
- Қарақала ауылынан 7 шақырым жерде, Ертіс өзенінің ағысында 1988 жылы туған ер адам суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кеткен. Ол 23 қазанда сағат 05:00-де досымен балық аулап жүрген. Досының айтуынша, спирттік ішімдік ішкен, - деді департаментте.Сағат 11:35-те құтқарушылар жағадан 10 м қашықтықта ер адамның денесін алып шықты. Медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 2 техника, 1 жүзу құралы және полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.