$ 494.87  520.65  4.91

«Трамп 2024 жылы қайтадан президент болады» – Ақ үйдің бұрынғы шенеунігі

Медоуз бұл тұжырымға бұрынғы президентпен бірнеше рет сөйлескеннен кейін келген.

"Дональд Трамптың 2024 жылы президент болатыны сөзсіз" дейді оның бұрынғы аппарат басшысы Марк Мидоус.

Бұрынғы президенттің сенімді одақтасы Мидоус "The Wilkow Majority" журналына берген сұхбатында Трамптың Ақ үйге қайта кіретініне бәс тігетінін айтты.

"Егер мен бәс тігуші болсам, барлық ақшамды салып, оның (Трамптың) қайтадан президент болатынына бәс тігемін" деді ол.

Медоуз бұл тұжырымға бұрынғы президентпен бірнеше рет сөйлескеннен кейін келген. "Біз оның президент болатынына сенеміз" деп қосты ол.

qamshy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақ үй #Трамп