$ 494.87  520.65  4.91

Шұғыл: Абай шахтасындағы жарылыстан 6 адам қаза тапты

Тағы 2 адамның жағдайы ауыр.

Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды әкім Facebook-те.

ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.  
Төтенше жағдайды жоюға "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 техника) күштері мен құралдары жұмылды.


Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары