07.11.2021, 23:08

Ақтауда жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

Жарылыс себебі мен аумағы анықталып жатыр.

Ақтауда жарылыс болды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жарылыс 7 қарашада сағат 21.20-да болған (астана уақыты бойынша сағат 22.20-де). 

ТЖМ мәліметінше, Ақтаудағы 29А шағынауданында екіқабатты "Аянат" мейрамханасында жарылыс болған. Жарылыс неден шыққаны белгісіз. 

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Жарылыс себебі мен аумағы анықталып жатыр", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Тегтер: жарылыс Ақтау