$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде өртенген үйден егіз баланың денелері табылды

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерген.
inform.kz
inform.kz

Ақтөбе облысында үй өртеніп, 5 жасар 2 бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 3 ақпан күні Қобда ауданы Қызылжар ауылында болды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің ауданы 8 шаршы метрді құрады.

«Қызылжар ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерді. Дегенмен үйде 2017 жылы туған егіз бала болған. Екеуі ыстан уланды. Сол уақытта ата-аналары жұмыста болған екен. Болжам бойынша от электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан»,- деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары