Семей қаласында белгісіз біреу оқушы қызды ұрлап кетпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Семейдегі Восточный кентінде болған. Белгісіз біреу оқушыны ұрлап кетпек болғанда сол маңда жүрген ер адамдардың бірі көмекке келіп үлгерді. Ал қаскөй автобусқа мініп, із суытқан.
Полиция қызметкерлері қазір оның кім екенін анықтап жатыр.
«Аталған факті Семей қаласының Орталық полиция бөлімінде тіркеуге алынды. Бүгінде ер адамның кім екенін және іс бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», - делінген ақпаратта.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.