Ақмола полицейлері адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19 ақпан сағат 10:35-те Бұланды ауданының полиция бөліміне Алтынды ауылындағы мектептің жанынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түсті.
Полицияға ауылдық округ әкімі телефон соққан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды.
Ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
18 ақпан күні шамамен сағат 15:00-де ер адам досына келген. Ішімдік ішу және жанжал кезінде әйел серігінің кеудесіне пышақ сұққан.
Сараптама тағайындалды.
ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.