$ 494.87  520.65  4.91

Солтүстік Қазақстанда дәрігер ана өлімін жасырып қалған

Болған оқиғадан кейін зейнетке шыққан Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский ана өлімін тек бір айдан соң тіркеген.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық ауруханасында 5-ші сәбиін күткен ананың өлімін дәрігер жасырып қалған. Әгерім Қазезова пневмониядан қайтыс болған. Алайда оның өлімі туралы құжат тек бір айдан кейін тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

2021 жылдың шілде айында Тайынша аудандық ауруханасының көмегіне жүгінген 4 баланың анасы 5-шісіне жүкті болған. Тексеру нәтижесінде әйелден коронавирус анықталып, Петропавлдағы облыстық ауруханаға ауыстырылған. Дәрігерлер баланы аман алып қалса да, анасының өмірін сақтай алмаған. Үш аптадан соң науқас пневмониядан қайтыс болды. 

Болған оқиғадан кейін зейнетке шыққан Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский ана өлімін тек бір айдан соң тіркеген. 

“Біз бұл оқиға туралы әлеуметтік желіден естідік. Әдетте ана босанған соң, бірнеше күннен кейін қаза тапса, министрліктен тексеру жұмыстары жүргізіледі. Дәрігер өз қателігін жасыруға тырысса керек. Бас дәрігер бізге зейнетке шығу туралы арызын жазды, біз оны қабылдадық. Бірақ ол басқармаға өлім туралы хат жіберген жоқ. Бұл мәселе облыстық әкімдік деңгейінде шешілуі керек”,-деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов.

Марқұмның жолдасы кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары