$ 444.32  473.33  4.76

Алматыдағы Көктөбе маңы отқа оранды

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарап жатыр.

Алматыда Көктөбе саябағы маңында қураған шөп жанып жатыр, деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарап жатыр.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 18:58-де Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 мекенжайы бойынша өрт шыққан туралы хабарлама түсті.

«Тұтанған табиғи өртті сөндіруге өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары