$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында мас жігіт өз әкесін пышақтап өлтірді

Сонымен бірге жабық бас-ми жарақатын алған. Басынан алған жарақаты көп. Миы шайқалған. Ауруханаға ес-түссіз жеткізіліп, сол күні сағат 10:30-да көз жұмды.

Ақтөбеде әкесі мен баласы жанжалдың арты адам өлімімен аяқталды. Ұрыс-керіс кезінде 28 жастағы жігіт әкесіне екі рет пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 8 қыркүйекте болған.

«Әкесі мас күйінде үйге келген. Сол кезде екеуінің арасында жанжал туындады. Жанжалдың арты төбелеске ұласып, ұлы әкесіне ас үй пышағымен екі рет соққы жасаған. Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқан соң қалған мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты аудандық денсаулық сақтау басқармасы да мәлімет таратты.

«Оқиға кеше болды. Таңертең сағат 8:00-де ауданның 1963 жылғы тұрғыны өте ауыр жағдайда жеткізілді. Денесінде түйіп-тесілген жарақат болды. Өкпесі қатты жараланған. Сонымен бірге жабық бас-ми жарақатын алған. Басынан алған жарақаты көп. Миы шайқалған. Ауруханаға ес-түссіз жеткізіліп, сол күні сағат 10:30-да көз жұмды», - деді Ырғыз аудандық ауруханасының бас дәрігері Ернар Домақов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары