Орал қаласындағы түнгі клубта төбелес шығарған Ресей Федерациясының екі азаматына қатысты шешім шықты, деп хабарлайды «Адырна».
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік соты жаза ретінде екі азаматты Қазақстаннан шығаруға шешім қабылдады.
Бүгін шетелдіктер өз Отанына қайтады. Олардың бірі – Мәскеу тұрғыны, екіншісі – Уфа тұрғыны.
Еске салайық, 30 қыркүйек күні сағат 00:00 шамасында БҚО ПД жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларына шолу жасап отырғанда Оралдағы түнгі клуб жанындағы ер адамдардың төбелесін байқаған еді.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады. Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды.