05.10.2022, 14:40

Астанада тұрғын үй кешені өртке оранды

Тілсіз жауды сөндіруге 25 адам және 5 техника жұмылдырылды.

Елорданың сол жағалауындағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар депаратменті бұл ақпаратты растады.

«Бүгін сағат 13:34-те Сығанақ көшесі, 20 мекенжайындағы үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде 16-қабаттың сыртқы бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Сағат 14:08-де өрт толық сөндірілді», - деп жауап берді Төтенше жағдайлар депаратментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жауды сөндіруге 25 адам және 5 техника жұмылдырылды.

Тегтер: Астана өрт