Таразда мектеп оқушысы өзіне қол салды. Оның дарға асылған денесі үйінің маңындағы гараждан табылған.
Қаңғылы жағдай түнгі сағат 12 шамасында болған. 9-сынып оқушысының асылып тұрғанын алдымен анасы көріп, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер марқұмның мәйітін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ дейді. 14 жастағы жеткіншекті өлімге не итермелегені әзірге белгісіз. Қазір бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.
"Мәйiт Жамбыл облысы мәйітханасына жеткізілді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігімен (өзін-өзі өлтiру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр",- деді Тараз қаласы ПБ ресми өкілі Әзімхан Жанерке.