$ 439.43  473.31  4.82

Астанада ЕХРО көрме орталығының аумағынан өрт шықты

Құтқарушылардың мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астанадағы "QazExpoCongress" ғимаратындағы өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
өрт експо

Өрт туралы ақпарат 16 қазанда 16:22-де келіп түскен. 

"16 қазан күні сағат 16-22-де Астана қаласы ТЖД бөлімшелері жоғары қоңырау шалу нөмірі бойынша Мәңгілік Ел даңғылы 53/2, "QazExpoCongress" компаниясында болған өртке шықты.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін мұрағат кеңсесі мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрттің аумағы 40 шаршы метрге тең. Сондай-ақ 4 шаршы метр алаңда ғимараттың төбе бөлігі (жаппасы) өртенгені анықталды. Өрт сағат 16.44-те өрт сөндірушілердің күшімен оқшауланып, сағат 17.19-да толығымен сөндірілді", – делінген хабарламада. 

Құтқарушылардың мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары