$ 442.05  474.14  4.74

Шымкент тұрғынының үстіне бөрене құлап, опат болды (ВИДЕО)

Кенеттен биіктен бөрене құлап, 2000 жылы туған жігіттің үстіне түскен.

Шымкентте 22 жастағы жігіт құрылыс алаңында көз жұмды. Оның үстіне бөрене құлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнындағы бейне бақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Оқиға 16 қазанда 17:00-18:00 шамасында "Тұран 2" шағынауданындағы құрылыс алаңында болған.

Видеодан салынып жатқан ғимараттың жанында үш адамның тұрғанын көруге болады. Кенеттен биіктен бөрене құлап, 2000 жылы туған жігіттің үстіне түскен.

Марқұмның жақындары тергеудің әділ жүруін талап етті. Олардың сөзінде, құрылыс алаңында қауіпсіздік ережесі сақталмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары