Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласында көшеде ер адамды атып кету оқиғасына қатысты 2 күдікті ұсталды, деп хабарлайды POLISIA.KZ телеграм каналы.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 және 20 жастағы екі адамды ұстады. Оның бірі – көлік жүргізген болса, екіншісі – болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан. Ұсталған күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Алдын ала болжам бойынша Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер сөзге келіп қалады, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға орнында күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, автокөлікпен ізін жасырған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары басталды.
Оқиғаға қатысы барлардың барлығының жеке бастары анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүріп жатыр.