$ 443.44  480.51  4.88

Талдықорған аумағында газ жарылды

Қазір жарылыс салдары анықталып жатыр.

Талдықорғандағы ЖШС аумағында орналасқан жеке ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жарылыс туралы ақпарат 22 қазанда таңғы 05:50 шамасында келіп түскен. Талдықорған қаласы Желтоқсан көшесінде орналасқан ЖШС аумағындағы жеке нысанда газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан қабырғалары құлап, 20 шаршы метр аумақ өртенді.

Жарылыстан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен беті күйіп қалған. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Қазір жарылыс салдары анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары