01.11.2022, 14:20

Жамбыл облысында пойыз бен автокөлік соғысып, 6 адам қаза тапты

Фото: polisia.kz
Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.

Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

апат жайлы хабарлама 1 қараша күні сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен түскен. Апат салдарынан 6 адам қаза тапқан.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.