$ 494.87  520.65  4.91

Елордада ер адам көпірден мұзды суға секіріп кетті

Полицейлер 51 жастағы ер адамның мұндай қадамға баруының себептерін анықтап жатыр.

Астананың Сарыарқа даңғылындағы көпірден ер адамның өзенге секіріп кетті.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға туралы хабарлама бүгін таңғы сағат 05:30-да полицияның 102 арнасына түскен.

Оқиға орнына құрамында взвод командирі Самат Сәбит, полк инспекторлары Сәкен Тасқын және Ринат Мұхамеджанов бар патрульдік полиция экипажы дереу келді. Аталған орынға келгеннен кейін полицейлер суға батып бара жатқан адамды көреді. Бір секундты да жоғалтпай, Самат Сәбит жағаға жүгіріп барып, тез арада бушлат пен бас киімін шешіп, суға батып бара жатқан адамға көмектесу үшін мұзды суға түседі. Осы уақытта Сәкен Тасқын көпірден құтқару шеңберін лақтырады, алайда ер адам ешқандай әрекет танытпайды. Взвод командирі ер адамға жүзіп барып, оны ұстап алып, әріптестері, құтқарушылар және жедел жәрдем бригадасы күтіп тұрған жағаға қарай тартып әкеледі.

«Қуанышымызға орай, ер адамның күртешесі суланып үлгермеген болды, ішіне ауа үріліп, оны су бетінде ұстап тұрған. Мен оны мықтап ұстап, жағаға сүйреп апардым. Бірақ мұзды суда аяғым тартылып, ұстап қалды», – деп еске алды полиция қызметкері.

Айта кетсек, Самат Сәбит ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет атқаруда, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Полицейлер 51 жастағы ер адамның мұндай қадамға баруының себептерін анықтап жатыр. Болған оқиғадан кейін полиция жасағы қызметін әрі қарай жалғастырған.

Бұл полктің инспекторлары Сәкен Тасқын мен Ринат Мұхамеджановтың жедел көмекке бірінші рет келуі емес.

Осы жылдың қыркүйек айында Молдағұлов көшесінде полицейлер үйдің төртінші қабаты терезесінің алдында тұрып, ашық терезеден қарап тұрған баланы құтқарды. Пәтер есігі жабық болғандықтан, тәртіп сақшылары бесінші қабаттың терезесі арқылы бөлмеге кіруге шешім қабылдаған. Патрульдік полицейлердің бірі өзін арқанмен байлап, терезеден түсе бастаған, екінші сақшы оны ұстап тұрған. Бірлесе күш сала отырып, полиция қызметкері пәтерге кіреді, ол жерде 3 және 1 жастағы екі жас бала болған.

Сонымен қатар жазда олар жедел жәрдем бригадасын шақырып, алайда өзі пәтерде құлап, есікті аша алмай қалған қарт әйелге көмек көрсетті. Бұл кезде де полиция қызметкерлері жоғарғы қабатқа көтеріліп арқанмен балкон арқылы 86 жастағы әже еденде жатқан пәтерге түскен. Есікті ішінен ашып, тәртіп сақшылары дәрігерлерді үйге кіргізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары