$ 494.87  520.65  4.91

«Ойнаймыз деп лашыққа алып барған»: Алматы облысында 10 жастағы оқушы 7 жасар баланы зорлаған

Алдымен жаңбырдан кейін лашықта ойнаймыз деп сол жерге алып барған. Кейін шалбарын шешкізген.

Алматы облысының тұрғыны 7 жасар ұлының зорлық көргенін мәлімдеді. Сөзінше, оқиға 2022 жылдың жазында болған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. 

Әйелдің айтуынша, 10 жастағы бала ұлын зорлаған. Ал сот баланың ата-анасына 60 мың теңге айыппұл салған. Ал баланы полиция есепке алған. 

"Бұл бала менің ұлымды қорқытқан. Алдымен жаңбырдан кейін лашықта ойнаймыз деп сол жерге алып барған. Кейін шалбарын шешкізген. Ұлымның қарсылығына қарамастан ұрып тастайтынын айтып, сес көрсетіпті. Ұлым қорқым, жылаған. Кейін іш киімін де шешкізіп, еңкейіп тұрғызған", – дейді зардап шеккен баланың анасы.

Әйел соттың шешімімен келіспейді және зорлық көрсеткен баланы мәжбүрлі түрде арнайы интернатта емдетуді талап етті. 

Алматы облыстық прокуратурасының өкілдері қылмыс болған уақытта бала 11 жасқа толмағандықтан жазаға тартылмағанын мәлімдеді. Мұндай жаза тек 11 жастан бастап тағайындалады екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары