Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«17 қараша күні 25-інші шағынауданда жол-көлік оқиғасы болды. Көліктерде болған 5 адам облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Оның біреуі қайтыс болды. Ал екеуі травматология бөліміне жатқызылып, екі адам амбулаторлық емге жіберілді», - делінген баспасөз мәліметінде.
Зардап шеккендердің бірінде жамбасы мен бұғанасы сынған. Оның жағдайы өте ауыр. Екіншісінің тобығы сынған. Науқастар дәрігерлердің бақылауында.