Алматы облысында әйелін өлтірген ер адамға қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 қарашада болған.
«Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімінің тергеушілері жеккөрушілік қарым-қатынас негізінде адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады», - делінген хабарламада.
Күдікті сол күні ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы – күдіктіге тиесілі аңшы мылтығы тәркіленді.
Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері облыстық ПД-ның бақылауына алынды.
«Не молчи» қорының мәліметінше, күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің артында үш баласы қалды.