22.11.2022, 16:40

Атырау облысында 14 жастағы оқушы суицид жасады

© Sputnik / Владислав Воднев
Шатырға шыққан олар жасөспірімнің өлі денесін тапқан.

Атырау облысыны Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылында 19 қараша күні 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқушы суицид жасаған сәтте үйінде жалғыз болған. Ата-анасы шаруалармен шығып кеткен. Ал бауырлары үйде болмаған. Кеш бата баласын іздеген ата-ана оның ұялы телефонына хабарласқан. Телефон қоңырауы үйдің шатырынан шыққан. Шатырға шыққан олар жасөспірімнің өлі денесін тапқан.

"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша "суицидке жеткізу" бойынша тергеу жүріп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.