$ 481.84  531.33  5.07

«Күре тамырын кескен»: Астаналық әйел пәтерінен өлі күйінде табылды

Тіпті мойынынан пышақпен орып жіберген. Малша бауыздаған ғой.
Фото: instagram.com/tapenovaasyl
Фото: instagram.com/tapenovaasyl

Марқұмның туыстары бұған байланысты өз-өзін өлтіруге дейін әкелу бабымен іс қозғалғанын айтады. Бірақ жақындары бұл бапқа келіспейді. Олардың айтуынша, келіншекті біреу айуандықпен өлтірген, деп хабарлайды Экспресс К.

Марқұм Асыл Тәпенова Қызылорда облысының Арал ауданында тұрған. Бірақ соңғы жылдары Астанада жұмыс істеп жүріпті. Елордадан екі қолға бір күрек тапқан әйел жалдамалы пәтерінде жалғыз өзі күн кешкен.

Келіншек қайтыс болар алдында бірнеше күн ауылдағы анасына хабарласпай кеткен. Содан анасы уайымдап, Астанадағы туыстарына Асылдың жағдайын біліп келуді өтініпті. Ал туыстары 6-қараша күні оның пәтеріне барған сәтте қансырап өлген әйелдің мәйітін көрген.

"Екі санынан пышақ тыққан. Сосын екі қолының күре тамырын кескен. Тіпті мойынынан пышақпен орып жіберген. Малша бауыздаған ғой. Кейін пәтердің жылуын қатты қосып кеткен. Ал Асылдың мәйіті пәтерде үш күн жатқан", 
— дейді марқұмның ағасы Әділхан Маханов.

Марқұмның көршілері мәйітті тауып алардан 3 күн бұрын сол пәтерден айғай-шудың шыққанын айтқан. Бірақ Асылдың денесіне жасалған сараптамадан соң суицид жасап, қайтыс болды деген қорытынды шығарыпты. Бұл қорытындыға келіншектің туыстары сенбейді.

"Адам өзіне қалай бірнеше рет пышақ салады? Өтірік қой. Тергеу әділ жүргізілсін. Асылдың анасы Астананың прокуратурасына арыз жазды. Қылмыскерді тауып берсін. Ол заңмен жазасын алуы керек",
— дейді марқұмның ағасы.

Ал 32 жасында қайтыс болған Асыл Тәпенованың артында он жасар қызы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары