26.11.2022, 23:20

Алматы - Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды

Оқиға орнында 4 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.

Алматы - Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жол-көлік оқиғасы 26 қараша күні кешке Көксу ауданында Volvo жүк көлігі мен Lexus 570, Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Passat маркалы көліктер соқтығысқан.

Автокөліктер Алматы - Өскемен тасжолының 187-ші шақырымында төмен түсу кезінде соқтығысқан.

Оқиға орнында 4 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.