Қызылорда облысында жол бойында жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 27 қараша сағат 19.40 шамасында болған.
112 құтқару қызметіне «Самара-Шымкент» трассасының Арал ауданы аумағындағы 1340 шақырымында жүк көлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.
«Хабарлама бойынша өртке қарсы қызметтен бір техника, 7 қызметкер жұмылдырылды. Барлау нәтижесінде Ресейден Тәжікстанға бағыт алған «Volvo» жүк автокөлігінің тіркемесіне тиелген тұрмыстық техника мен жиһаздар толығымен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде жалынның жүк көлігі кабинасына таралуына жол берілмеді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Ведомство мәліметінше, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.
Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Тілсіз жау 20.27-де оқшауланып, 20.53-те толығымен сөндірілді.