$ 449.58  486.94  4.86

Қарағандыда екі көлік мұзға түсіп кетті

Олардың бірі - «Газель» (ішінде 3 адам болды) және «Мерседес» жеңіл автокөлігі (ішінде 6 адам, оның ішінде 2 бала болды).

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ғ. Мұстафин кентінде Нұра өзеніндегі мұз үстімен өту кезінде 2 көлік суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, олардың бірі - «Газель» (ішінде 3 адам болды) және «Мерседес» жеңіл автокөлігі (ішінде 6 адам, оның ішінде 2 бала болды). Жүргізушілер мен жолаушылар көліктер ішінен өздігінен шықты. Зардап шеккендер жоқ. Автокөліктер мұз астында қалды, оларды жоғарыға көтеру жұмыстары жеке жүргізілетін болады.

«Су айдыны үстімен жүру үлкен қауіп төндіретінін әрқашан есте ұстаған жөн. Өйткені, су ағындары мұзды шайып, оны белгілі бір аймақта барынша жұқа ете алады. Егер жақын жерде бөгет болса, судың шығуы мұздың қалыңдығын әлсіретеді; балық аулау тесіктерінен жарықтар пайда болуы мүмкін», - деп жазды ведомстводан.

Егер жақын жерде әдеттегі жол болмаса, мұзда мына ережелерді сақтай отырып қозғалу керек:

1) жағалау сызығына барынша жақын;

2) егер алда басқа көліктің іздері болса, онда оның жанынан жүруге болады; оның ізімен жүруге болмайды, өйткені мұз екі көліктің өтуіне төтеп бере алмауы мүмкін

3) қозғалыс кезінде шапшаң бұрылудан аулақ болу керек;

4) жолға жалғыз ол шығуға болмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары