29.11.2022, 22:30

Павлодарда көше ортасында автобус пен төрт көлік соқтығысты

Фото: instagram / pavlodar.0nline
Соққы салдарынан «ГАЗ-53» автокөлігі «Toyota Ipsum» көлігімен және №18 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

Бір көліктің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 29 қараша күні сағат 15:27-де Ак. Сәтбаев көшесінде орын алған. 

"Алдымен «Toyota Camry» мен «Kia Rio» көліктері соқтығысқан. Олар «ГАЗ-53» автокөлігіне соғылған. Соққы салдарынан «ГАЗ-53» автокөлігі «Toyota Ipsum» көлігімен және №18 бағыттағы автобуспен соқтығысқан", – деді департаментте.

Жедел жәрдем станциясында оқиға салдарынан «Toyota Ipsum» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі №1 қалалық ауруханасына жеткізілген. 

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.