$ 486.44  534.31  5.06

Солтүстік Қазақстанда 100-ден аса жылқы көлге батып кетті

Батып кеткен жылқыларды санадық. 107 бас екен. Олар 45 адамға тиесілі.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты Әлжан ауылында бір үйір жылқы көлге батып кетті. Жануарлар 27 қараша күні жоғалып кеткен. Арада бірнеше күн өткенде Барчи көлінен малдың қатып қалған өлексесі табылды, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.

Алдын-ала болжам бойынша малдың суға батып кетуіне мұздың жұқалығы себеп болған. Құзырлы органдар малдың иелерін анықтауда. Шығын көлемі есептеледі.

«Батып кеткен жылқыларды санадық. 107 бас екен. Олар 45 адамға тиесілі. Әзір өлекселер солай жатады. Мұз қатайғаннан кейін қопарып аламыз. Әйтпесе ауыр көліктер де мұздың астына түсіп кетуі мүмкін. Қыста жылқышы үйірді жіберіп, 3-4 күнде айдап әкеледі. Күн суық, оларды тәулік бойы бағу мүмкін емес. Осы жолы да солай болған. Жылқылар су ішуге барған сияқты. Бұл дерек бойынша жауапты органдар жұмыс істеп жатыр», - дейді Лобанов ауылдық округінің әкімі Епкін Шайгөзов.

«2 желтоқсан күні СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылындағы үйірде 107 жылқының жетіспейтіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген болуы мүмкін. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен», - делінген СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде, өлген жануарлардың нақты саны анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жылқы